Билетті тексеру

Электрондық билет жеке кабинетте өздігінен тексеріледі. Ал қағаз билетті қолмен санауға тура келеді — әсіресе бірнеше билет болса. Төмендегі құрал сандарды салыстырып береді.

Сандарды салыстыру

Билеттегі және тираждағы сандар

Сәйкестік саны
—
Сәйкес келген сандар
—

Ресми нәтижені қайдан алуға болады

Құрал тек сандарды салыстырады: тираж нәтижесін оператордың өзінен алу керек. Ең сенімді үш жол — сайттағы мұрағат, мобильді қосымша және тікелей эфир. Ұтыс жүлде кестесі бойынша анықталады, ал ол кесте әр ойында бөлек.

Билет ұтқан болса

Онлайн билеттің ұтысы әмиянға автоматты түседі. Қағаз билет бойынша шағын соманы сату нүктесінде алуға болады, ірі ұтыс үшін оператордың кеңсесіне барасыз және жеке куәлік қажет. Ұтыс алты еселенген АЕК-тен асса, салық ұсталады.

Салық калькуляторы · сәйкестік ықтималдығы

Билетті тек ресми дереккөзбен салыстырыңыз. Бөгде сайттар мен чаттардағы «нәтижелер» дұрыс болмауы мүмкін, ал кейбірі әдейі жалған сандарды көрсетеді.